Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 37 «Мәншүк» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы МКҚК
0
1 қыркүйек білім күні ақпарламасы

1 қыркүйек білім күні ақпарламасы

2020 жылдың 1 қыркүйек – Білім күніне №37 «Мәншүк» балабақшамызда балаларға арнап мерекелік шара жүргізілді. Бүлдіршіндер жаттаған тақпақтарын айтып, би билеп, білетін әндер айтып, көңілдерін көтерді. Балабақша алаңы жалаушалармен безендірілген, балалар асфальтқа қалаған суреттерін салды.

{gallery}news-1{/gallery}

 

Білім күні – мереке

Балабақша ауласы 1-қыркүйек-Білім күніне сай жалаушалармен безендіріледі. Жеңіл музыка ырғағымен әр топтың балалары екі қатармен келіп, орындықтарға отырады. Жүргізуші баларды мерекемен құттықтайды.

Жүргізуші:

Сәлем, достар, балалар!

Жаңа білім күніңмен!

Білім-күні мереке,

Ән салсам да әдемі.

Туған тілім-береке,

Сөз арнасам кәделі!

Ән: «Балабақшам»

Жүргізуші:

Жаңа киім үстінде,

Мақтанғаным да келеді.

Білім тойы үстінде

Шаттанғым да келеді, -деп біздің «Сайқымазақ» балабақшасының балалары мерекеге орай әдемі киініп келген екен, енді сіздерге арнап тақпақтар айтып береді.

1-бала:

Ән салайық, келіңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Білім күнін тойлайық,

Би билейік, ойнайық.

Би: «Аққу»

2-бала:

Ұстаздар- ұлттың тірегі,

Ұстаздар- білім жүрегі.

Ұрпаққа жетер ұстазбен,

Халықтың ұлы тілегі.

Ән: «Достық»

3-бала:

Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді,

Кел, жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

Би: «Көбелектер»

Жүргізуші: Мереке тағы да құтты болсын! Қоңырау үнімен жаңа оқу жылының
алғашқы оқу іс - әрекетін бастау үшін тобымызға асығайық.
Шаршамай – талмай білім теңізіне сүңгиік!
Биіктерді бағындырудан жалықпайық!