Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 37 «Мәншүк» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы МКҚК
0
Біз туралы

 

МЕКЕМЕНІҢ АҚПАРАТТЫҚ КАРТАСЫ

37 «Мәншүк» бөбекжайы 2015 жылдан бастап жұмыс жасайды.

Кәсіпорынның заңды мекен-жайы:
130000, Қазақстан Республикасы
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
33 шағын аудан, 12  ғимарат,
37 «Мәншүк» бөбекжайы жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
33 шағын аудан, 12  ғимарат, 

37 «Мәншүк» бөбекжайының»  Әкімшілік құрамы.

Шакирова Анаргуль Каирлиевна 87027372546 директор Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Джанаева Райгул Рахметовна  87014681351 бухгалтер   

Аманкулова Зухра Муратбаевна 87027249228 әдіскер

Косувакова Галия Хасановна 87013731505 медбике

Чекакова Камажай Степановна  87783657419 шаруашылық меңгерушісі

 

№37 «Мәншүк» бөбекжайы ЖБҚМКҚК-ның материалды - техникалық базасы

«№37 «Мәншүк» бөбекжайы» ЖБҚМКҚК 2015 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істейді. Сол жылдардан бері балабақша есігі бөбектерге есігін айқара ашып, бүлдіршіндерге білім мен тәрбиені қатар беруде. Балаларға оқу-тәрбие үрдістерінің толыққанды жүргізілуі үшін балабақша материалдық-техникалық базамен жабдықталған. Мектепке дейінгі ұйымда орыс және ағылшын тілдері кабинеті, өзін-өзі тану, бейнелеу өнері кабинеттері, спорт, ән-саз залдары, меңгеруші, шаруашылық меңгерушісі, әдіскер, есепші, медбике кабинеттері жұмыс істеуге қолайланып, жабдықталып қызмет етеді.

Бөбекжай аумағында көк жасыл саяжайлар, гүл бақтары, ойын алаңдары бар. Сонымен қатар әр топтар мен кабинеттер аудио-бейне техникаларымен: теледидар, музыкалық аппараттар, бейне таспалар, музыкалық аспаптармен толықтырылған.
Бөбекжайда балалардың жас ерекшелігіне қарай мемлекеттік тілде 12 топ жұмыс жасайды. Топтар балалардың жас ерекшеліктеріне сай жабдықталып, бағдарламаға сәйкес әдістемелік шағын педагогикалық кабинеттер қарастырылған. Әр топта желілі рольді ойындар бұрыштары, табиғат бұрышы және спорт құралдары бұрыштары, қимыл-қозғалыс ойындар құралдары, оқу -тәрбие процесіне пайдаланатын көрнекіліктер мен үлестірмелі материалдар, әдістемелік оқулықтар жас ерекшеліктеріне қарай топталып қарастырылған.
Балалардың дұрыс тамақтануы үшін асхана және денсаулығын сараптап, дәрігерлік көмек көрсететін дәрігерлік кабинет жұмыс жасайды. Бөбекжайның балаларға ас әзірлеу мен тамақтандыруға қажетті материалдық-техникалық базасы санитарлық бақылаудың мемлекеттік стандартына сай, заманауи қондырғылармен толық жабдықталған


View the embedded image gallery online at:
https://sad37-aktau.kz/biz-turaly.html#sigFreeId25a54ca468

«Біздің шебер қолдар» ата-аналар бұрышы

Бұл бұрышта тәрбиеленушілердің қол еңбегі арқылы жасалған шығармашылық жұмыстар ұсынылған.
Мақсаты - ата-аналарды балаларының еңбегімен таныстырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету.

View the embedded image gallery online at:
https://sad37-aktau.kz/biz-turaly.html#sigFreeIdb3260d3360

Біздің кітапхана
Кітап - білім мен тәрбиенің қайнар көзі.
Бұл бұрышта балалардың танымын кеңейтіп, қиялын дамытуға арналған әдебиеттер топтастырылған.

View the embedded image gallery online at:
https://sad37-aktau.kz/biz-turaly.html#sigFreeId20f863ecb3


Қазақ бұрышы
Бұл бұрышта ұлттық салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар мен қазақ халқының мәдени құндылықтары көрсетілген.
Мақсаты - балаларды отансүйгіштікке, ұлттық рухта тәрбиелеу.

View the embedded image gallery online at:
https://sad37-aktau.kz/biz-turaly.html#sigFreeId5b5c60f045

Бұл бұрышта балаларды жолда жүру мәдениетіне, қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрететін көрнекіліктер мен материалдар жинақталған.
Мақсаты - бүлдіршіндердің жол қауіпсіздігі туралы білімін қалыптастыру.

View the embedded image gallery online at:
https://sad37-aktau.kz/biz-turaly.html#sigFreeId6a32356484

Хореография бұрышы
Бұл бұрышта балалардың ырғақты қимылдарын, әсем қимыл-би өнеріне қызығушылығын арттыруға бағытталған ақпараттар мен фотосуреттер ұсынылған.
Мақсаты - бүлдіршіндердің музыкалық талғамын, әсемдік сезімін және шығармашылық қабілетін дамыту.

 

View the embedded image gallery online at:
https://sad37-aktau.kz/biz-turaly.html#sigFreeId670c9a8526

«Дәліздегі сөйлейтін қабырға»
Сөйлейтін қабырға - баланың тіл байлығын арттыруға, сөздік қорын дамытуға бағытталған интерактивті орта.
Бұл жерде балалар әртүрлі сұрақтарға жауап беріп, суреттер арқылы әңгіме құрастырады, сөздік ойындарға қатысады.
Мақсаты - баланың коммуникативтік қабілетін қалыптастыру және тіл мәдениетін дамыту.