Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 37 «Мәншүк» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы МКҚК
0
«Балаларды жақсы көретін ата-аналар клубы»
Мақсаты: Ата-аналармен тығыз байланыс орнату, бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді талқылау, отбасы мен балабақша ынтымақтастығын нығайту.
Жоспарға сәйкес балабақшамызда «Балаларды жақсы көретін ата-аналар клубы» аясында тренинг ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ата-аналармен бала тәрбиесіндегі сүйіспеншілік пен жауапкершіліктің маңызы, балалардың қауіпсіздігі, құқықтары мен міндеттері туралы пікір алмасу жүргізілді.
Іс-шараға 9 ата-ана қатысты. Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, ата-аналардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Қорытынды:
«Балаларды жақсы көретін ата-аналар клубы» аясындағы іс-шара ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыруға, отбасы мен балабақша арасындағы серіктестікті нығайтуға және бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етті.