Тақырыбы: «Заң мен тәртіп»
Мақсаты: Балаларға заң мен тәртіп туралы қарапайым түсінік беру, қоғамдық орындардағы және балабақшадағы тәртіп ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Іс-әрекет барысында тәрбиеленушілерге заңның қоғамдағы маңызы, тәртіп сақтаудың қажеттілігі туралы жас ерекшеліктеріне сай түсінік берілді. Балалармен әңгімелесу, сұрақ-жауап және ойын түріндегі тапсырмалар ұйымдастырылды. Балалар үлкендерді құрметтеу, достарымен сыйластықта болу, қауіпсіздік ережелерін сақтау, ойыншықтарды жинау сияқты тәртіп қағидаларын атап өтті.
Іс-шара соңында тәрбиеленушілер тәртіпті болудың жақсы қасиет екенін түсініп, заңды құрметтеу мен қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңызын білді.
Қорытынды:
«Заң мен тәртіп» тақырыбындағы ұйымдастырылған іс-әрекет балалардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға, тәртіптілік пен жауапкершілік қасиеттерін дамытуға ықпал етті.
Заң мен тәртіп

















