Қалалық «Қазақтың қазынасы – ұрпаққа өнеге» байқауында №37 «Мәншүк» бөбекжайының мерейі үстем болды!
Бөбекжайымыздың талантты тәрбиешісі Абылай Гауһар мен дарынды тәрбиеленушіміз Амалбай Кәусар өз өнерлері мен шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі ІІ орынға ие болды.
Бұл жетістік – тынымсыз еңбектің, ұлттық құндылықтарға деген құрметтің және шығармашылық ізденістің жемісі.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!

















