Бүгінгі облыстық мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мобильді топтарының жылдық жоспарына сәйкес, біздің бөбекжайымызда «Ұлттық құндылықтар – адал азамат қалыптастырудың іргетасы» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Облыстық семинарда өз іс-тәжірибесін бөліскен спикерлер:
- Маңғыстау ауданы, «Балдырған» санаториялық бөбекжайы тәрбиешісі: Көжекова Ардақты Табылдықызы, тақырыбы: «Мектепке дейінгі балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту арқылы ұлттық тәрбиеге баулу»;
- Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №37 «Мәншүк» бөбекжайының тәрбиешісі: Сулейменова Улжан Зейловна, тақырыбы: «Шебер қол ел мұрасы»;
- Бейнеу ауданы «Үстірт» бөбекжайы тәрбиешісі: Сармысова Арзу Қашқынбайқызы, Бейнеу ауданы «Балдырған» бөбекжай тәрбиешісі: Сармурзаева Шаршаған Васалемовна, тақырыбы: «Ауыл кәсібін қолдайық»;
- Қарақия ауданы «Айналайын» бөбекжайы тәрбиешісі: Жумагазиева Акмарал Куандыковна, тақырыбы: «Отбасы мен балабақша бірлігі – адал азамат тәрбиесінің негізі» шебер сынып.
Семинарда спикерлер іс – тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында қатысушылармен кері байланыс жасалды.
















