«Ұлттық тәрбие» ұлттық құндылықтар бағыты бойынша өткізілетін ашық есік күнінің ақпарламасы
Мектепке дейінгі ұйымдарда ұлттық құндылықтарды дәріптеу, балаларды халқымыздың мәдениеті мен салт-дәстүріне баулу мақсатында «Ұлттық құндылық – ұрпаққа аманат» тақырыбында құзыреттілік орталығы арқылы ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – бөбекжайдағы балалар мен педагогтерді қазақ халқының ұлттық құндылықтарымен, салт-дәстүрлері мен қолөнерімен таныстыру, балалардың шығармашылығын дамыту, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыру.
Ашық есік күні аясында бірнеше бағытта іс-шаралар өткізілді.
Шебер сынып: «Ұлттық қолөнер – тәрбие құралы»
Бұл бөлімде педагогтерді қазақтың ұлттық ойындарының тәрбиелік және дамытушылық мәнімен таныстырылып, оларды ұйымдастырылған іс-әрекет процесінде тиімді қолдану жоолдарын көрсетті
Көрме: «Қазақтың ұлттық құндылықтары»
Көрме барысында ұлттық бұйымдар, қолөнер туындылары, ұлттық нақыштағы көрнекі материалдар ұсынылды. Бұл көрме балалар мен ата-аналарға қазақ халқының бай мәдени мұрасын таныстыруға, ұлттық дәстүрлердің маңызын түсіндіруге мүмкіндік берді.
«Ұлттық ойындар»
Педагогтерге қазақтың ұлттық ойындарының тәрбиелік және дамытушылық маңызы таныстырылып, оларды ұйымдастырылған іс-әрекет барысында тиімді қолдану жолдары көрсетілді. Ұлттық ойындар арқылы балалардың қимыл-қозғалысы, шапшаңдығы, ұйымшылдығы, тапқырлығы дамиды. Сонымен қатар бұл бөлім тәрбиешілердің кәсіби шеберлігін арттыруға және тәжірибе алмасуға бағытталды.
Ашық есік күні барысында педагогтер ұлттық құндылықтарды бөбекжай тәрбиесіне енгізудің тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, өз тәжірибелерін ортаға салды. Іс-шара ұлттық мәдениетті насихаттауға, өскелең ұрпақтың бойында ұлттық рухты қалыптастыруға және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етті.

















