Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 37 «Мәншүк» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы МКҚК
0
Ұстаздар күнінің ақпарламасы

Ұстаздар күнінің ақпарламасы

Ұстаздар күніне арналған "Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға", - деп Абай атамыз айтқандай «Ұстаз» сөзі ұлағатты есім, шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан-теңіз. Балабақшамызда тәрбиеленіп отырған балалардың бір-бір кірпіш болып қалануы, осы ұстаздардың арқасы. 2020 жылдың 02 қазан күні кезекші топтарда «Ұстаздар күніне орай Қазақстан еліміздің ұстаздары Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, А.Құнанбаев сияқты атақты ұлағатты ұстаздардың суреттерін көрсетіп олар туралы бүлдіршіндерге түсінік беріп тәрбие сағаты өткізілді. Балабақшаның әр топтарында мерекеге байланысты ширмалар және кәсіподақ бұрышында ұстаздар күніне арналған стенгазет плакаттармен безендірілген.

{gallery}-888/10{/gallery}