Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 37 «Мәншүк» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы МКҚК
0
Балалармен серуенде

20.12.2023 ж. күні №37 "Мәншүк" бөбекжайының әдіскері Рабаева К.И. "Балалармен серуенде" тақырыбында ата-аналарға кеңес берді. Ойынды таңдау жыл мезгіліне, ауа райына, серуеннің өткізілу уақытына байланысты. Бөбекжаймыздың әр тобының тәрбиешілерінде балалардың жас ерекшелігіне қарай ойындар картотекасы бар. Серуенді ауа-райына, бақылайтын нысанға, өтілген іс-әрекеттері байланысты әр түрлі жүйелілікте жүргізіледі. Ең бастысы, серуеннің әрбір компоненті балалардың дене тәрбиесінің дамуына, денсаулықтарын шыңдауға, сонымен қатар көңіл-күйлерін көтеруге әсерін тигізеді. Серуенде неғұрлым қимылды ойындар басты орын алады. Ойын — тек көңіл көтеру ғана емес, сондай-ақ оның көмегі арқылы балаларға қоршаған өмірді таныстыратын да тәсіл болып саналады. Серуендеу балалар денесін шынықтырудың ең бастапқы және неғұрлым оңайға түсетін құралы. Ол балалардың сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен, әсіресе салқын тиюден болатын ауруларға төзімділігі мен көнбістігін арттырады. Серуенге шыққанда балалар ойнайды, көп қозғалыста болады. Қимыл зат алмасуын, қан айналымын, газ алмасуын күшейтеді, тәбетін жақсартады. Балалар бүкіл кедергілерден өтуге үйренеді, ширақ, епті, батыл, төзімді болады. Олардың қимыл шеберлігі мен дағдысы қалыптасады, бұлшық ет жүйесі нығайып, организмнің өмір сүру қабілетін арттырады. Балалардың дамуындағы серуеннің маңызы өте зор деп ,ата-аналарға кеңес берді.