Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 37 «Мәншүк» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы МКҚК
0
Ақпарлама консультациялық пункт
08.12.2023 ж. күні №37 "Мәншүк" бөбекжайының педагог-психолог Рабаева К.И. "Балаларға қандай ойыншықтар қажет?" тақырыбында ата-аналарға кеңес берді. Қазіргі заманғы балалардың адамдарға, қоршаған әлемге қатынасы, жақынын және бәрінен бұрын өзін-өзі түсіну қабілеті олардың қандай ойыншықпен, қалай ойнағанына байланысты көрінеді. Бала ойнай отырып, олардың әлемінде қарым-қатынас жасай, көп нәрсені үйренеміз және балаларды үйретеміз. Ойын бізді неге үйретеді? Баламен бала тілінде сөйлесуге; Балаға үстемдік ету сезімінен арылу; Өзімізде балаға тән сипаттарды ояту: шыншыл, таза сезім; Бейнеге еліктеу, сезіну, уайымдау сезімдері арқылы өзі үшін үйрету әдісін ашу; Балаларды қандай болса, сондай күйінде жақсы көру. Ойнай отырып, біз балаларды неге үйрете аламыз? Өздеріне басқа жағынан, өзге адамдардың көзімен қарауға; Түпкі кейіпкер мінез-құлығын көре білу; Ойнаушыларға өз әрекетін, өз ықыласын, өз сезімін түсінікті жеткізу; Шындыққа ұмтылу, тек басымдылыққа ұмтылмай ойын кезінде келісімге келу; Бір біріне сену. Ата-аналар баланың жасына қарай ойналатын ойыншықтарды және зиянды, зиянды емес ойыншықтар туралы кеңес алып алғысын білдірді. {gallery}/it12{/gallery}